18 | 07 | 2025
Басты мәзір
Электрондық басылымдар

ElecBook keu3

Авторизация

Конференция еңбектерінің жинағы

sk

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Кітапхананың тарихы

User Rating:  / 0
PoorBest 

Танымның үш жолы бар: ең оңайы еліктеу, ең ащысы — тәжірибе, ең мәртебелісі — ойлау. Конфуций.

Университет кітапханасы 1966 жылы құрылған, студенттерге ғылыми және педагогикалық қызметкерлерге,сонымен қатар университет оқырмандарының басқа санаттарына ақпараттық-библиографиялық қызметтер көрсетеді.Студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізеді,білім мен ғылымның одан әрі дамуына ықпал етеді.

Қарағанды кооперативтік институты кітапханасы КСРО Орталық Одағы жүйесінің құрамында болған уақытта құрылды.Кітапхана студенттерге есігін айқара ашты.Кітапхананы,оның қорлары мен каталогын ұйымдастыруды меңгеруші Палилова Надежда Максимовна бастады.Бірінші кітап қоры 8000дананы құрады.

Кітапхана қорының электронды каталогы- анықтамалық библиографиялық көрсеткіштер тұтынушылар арасында ерекше сұранысқа ие.Студенттердің жұмысында электронды каталог толық қолданылады.Электронды каталогты қолдануды бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі мамандар көмектеседі.

Электронды каталог пен қатар дәстүрлі : жүйелік және алфавиттік анықтамалық каталогтар қалыптасқан.

Соңғы жылдардағы қызметтің маңызды практикалық нәтижесі кітапхананы ақпараттандыру,оны жүйе ретінде жаңғырту,заманауй интеграцияланған ақпараттық инфрақұрылымды құру болып табылады.

Қазіргі таңда " ИРБИС-64+"жүйесі енгізілді,бағдарлама нәтижесінде барлық залдар интернетке қосылды. Кітапханада барлық негізгі кітапханалық үрдістер автоматтандырылған(қорды жинақтау, RFID-технологиясы арқылы жаңа әдебиеттерді электронды енгізу)

Бүгінгі таңда кітапхана оқу үрдісінде журналдарға,оқулықтарға,оқу-әдістемелік құралдарға,монографиялар мен диссертацияларға т.б.толық мәтінді қол жеткізуге мүмкіндік беретін халықаралық ақпараттық электронды ресурстарды, мәліметтер қорын және электронды кітапханалық жүйелерді пайдаланады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министірлігінің Ғылым комитеті ұлттық жазылым шеңберінде ұсынылған Web of Science, Springerlink, Scopus, Wiley-деректер базасы,жазылу деректер базасы:ЕВSCO(АҚШ)және электронды-кітапхана жүйесі«IPRsmart» (Ресей,Саратов) қолжетімді.

Кітапханада республикалық маңызы бар деректер базалары:Республикалық Жоғары оқу орындары аралық Электронды кітапхана,ДБ «Заң», «Стандарттар»,мәліметтер базасы-электронды каталог,Цифрлық кітапхана(Летограф),толық мәтінді деректер базасы «Оқытушылардың еңбектері»,ДБ «Кооперация», ДБ «Жасыл экономика», репозиторий (www.rep.keu.kz)қолданылады.

Кітапхана университеттің табысты жұмыс жасау жолында қорларды сақтап, барлық ақпараттарға қол жетімділікті қамтамасыз етуде жаңа мүмкіндіктерді дамыту үшін қарқынды жұмыс жасауда.

Кітапхана тек жаңа технологиямен қамтамасыз етілген қорлар ғана емес, ең үлкен құндылық-бұл кәсіби мамандар.Кітапханада оқулуықтар, баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын ұсыну мен қатар шығармашылық пен мәдениетті дамыту жолында кәсіби мамандар жұмыс жасайды.Кітапхана штаты 8 адам.Кітапхана ұжымы технологиялық процестерді жетілдіруге,кітаптарды сақтап көбейтуге,оқырмандар үшін жайлылықты қамтамасыз етуге қызмет көрсетеді.

Комментарии:

Add comment


Security code
Refresh

Халықаралық МБ
  • Халықаралық МБ